КМҚК «Бизнес және сервис колледжі»

Тізім

Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (қолдану аясы және салалары бойынша)

Мамандық 0510000 Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (қолдану аясы және салалары бойынша)

Біліктілік 0510012 Хатшы-референт
Біліктілік 0510023 Іс қағаздарын жүргізуші
Біліктілік 0510033 Мұрағатшы

Оқу мерзімі:

9 сынып негізінде - 2 жыл 10 ай
11 сынып негізінде - 1 жыл 10 ай

Мамандығым - мақтанышым.

«Мыңның шала білгірі болғанша, бірдің таза маманы бол» дейді халқымыз. Расында да, егеменді еліміздің іргесін қалап, оның ғылымы мен білімін, өндірісін, шаруашылығын өркендететін білікті мамандардың маңызы зор. Бүгінгі күні колледж дайындап жатқан мамандықтардың барлығы еңбек нарығында сұранысқа ие, заманауи талаптарға сай сұрыпталған.

0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығына оқуға қабылдау 2002 жылы басталған. Оқу 9, 11-сыныптар бойынша мемлекеттік тілде жүргізіледі. Колледжді бітіргенде «Іс қағаздарын жүргізуші» біліктілігі беріледі.

Аталған мамандық бойынша өткізілетін арнайы пәндер соңғы үлгідегі ақпараттық технологиялармен жабдықталған лингафонды, ғаламтор желісіне қосылған оқу кабинеттерінде өткізіледі.

Үшінші курс оқушылары технологиялық және өндірістік практикаларды қаламыздың орталық мемлекеттік мұрағаты, Әділет басқармасы, Жылжымайтын мүліктерді тіркеу Орталығы, Зейнетақы төлеу Орталығы, қала колледждері, мектептері, т.б. мекемелері мен кәсіпорындарында өтеді.

Колледждегі теориялық білімдерін іс-тәжірибеде ұштастыра алып, болашақ маман ретінде өздерін үздік көрсете алған студенттер өндіріс орындарынан түрлі марапаттауларды иеленіп, көптеген алғыс хаттар әкеледі.

Колледжбен ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру Орталығымен бірнеше жылдан бері әлеуметтік серіктестік өте жақсы қалыптасқан. Сондықтан да колледжде жыл сайын 2-3 ші курс студенттерінің орталық мемлекеттік мұрағат қызметкерлерімен мазмұнды кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар және сол мұрағат қорындағы жәдігерлерден көрмелер ұйымдастыру дәстүрге айналған.

Биылғы оқу жылында аталған мамандық бойынша он үшінші түлектер бітіргелі отыр. Түлектеріміз Астана және Алматы қалаларында ҚР-ң Ұлттық мұрағаты, Әділет министрлігі, қаржы полициясы сияқты құзырлы орындардан, жоғары оқу орындарынан бастап еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауыл мектептеріне дейін өз мамандығы бойынша жемісті еңбек етуде.

Мамандық бойынша сабақ беретін барлық оқытушылардың жоғарғы білімі бар және олардың барлығы өз ісінің шеберлері. Сапалы, бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауда кәсіби білікті, білімді, тәжірибелі оқытушылардың еңбегі зор.

«Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша 2015 жылы өткен облыстық «Үздік маман» байқауында барлық тур бойынша ең жоғарғы ұпай көрсетіп колледжіміздің студенті Қаратаева Айжан 1-ші орынды иеленген болатын. Балтабаева Аққу «Үздік баяндамашы» номинациясына ие болған. Бұл сайысқа Өскемен, Семей, Риддер, Зыряновск қалаларының колледждері қатысқан.

Болашақта жақсы білім алып, Қазақстан атты ТӘУЕЛСІЗ мемлекетіміздің өркендеуіне, гүлденуіне үлесімді қосатын, бір кірпіші болып қаланатын, құжат ісінің сауатты да сымбатты, білімді де білікті маманы, іс жүргізуші, мұрағатшы болып шығамын десеңіздер бізге келіңіздер. БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙЫҚ!

КМҚК «Бизнес және сервис
колледжі»

Әрленім және құрастыру
SemStar

Казахстан, ВКО, г. Семей
ул. Аймаутова, 143 «а»
e-mail: biznes_sbk@mail.ru
Приемная: 8 (7222) 50-58-98
Тел.: 8 (7222) 50-70-73, 50-71-18
Факс: 8 (7222) 50-58-98, 50-70-78

Миссия

Экономика саласында мемлекет пен аймақтың өндірістік әлеуетін көтере алатын, бәсекеге қаблетті, жоғары дәрежелі теориялық және практикалық дағды мен жеке тұлғалық қасиетті игерген мамандарды дайындау.

Болжау

Бизнес және сервис колледжі - Шығыс Қазақстан облысы және Қазақстан республикасының сервис, экономика және басқару саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің үздігі, корпоративті менеджменттің тиімді жүйесін меңгерген оқытушылар мен білімгерлердің, жұмыс берушілердің тағы басқа қызығушылық танытқан жақтардың мүддесіне сай қызмет ететін инновациялық білім беру мекемесі.

«Бизнес және сервис
колледжі» КМҚК

Әрленім және құрастыру
SemStar

Яндекс.Метрика