КМҚК «Бизнес және сервис колледжі»

Тізім

Оқытушыларының Ар-намыс кодексі

КМҚК "Бизнес және сервис колледжі" оқытушысының Ар-намыс кодексі қазақстандық қоғам мен мемлекеттің жалпы танылған адамгершілік қағидаттары мен нормаларына негізделген моральдық нормалар, міндеттемелер және адал мінез-құлық талаптарының жүйесі болып табылады.

Оқытушы қызметінің басты бағыты – жоғары білікті мамандарды даярлау, студенттердің білімі мен мәдениетіне қамқорлық жасау;

Колледж оқытушысы колледж миссиясын жүзеге асыруда жауапкершілікті толық сезінеді;

Оқытушы өзінің теориялық білімі мен педагогикалық шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін арттыру бойынша үнемі жұмыс істейтін кәсіпқой болуы керек;

Оқытушы-парасаттылық пен интеллигенттіктің, мораль мен имандылықтың үлгісі, Қазақстан мемлекеттілігін белсенді насихаттаушысы, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерінің, тәртіпсіздік пен жауапсыздық принциптерінің қарсыласы;

Оқытушы болашақ мамандарды даярлаудың жоғары сапасы үшін жауапкершілікті сезінеді;

Оқытушы студенттерге жеке үлгісімен оқу және кәсіби тәртіптің ережелерін сақтау қажеттілігін, әріптестеріне құрметпен қарауды дәлелдейді, өз сөздеріне және іс-әрекеттеріне жауап беруді талап етеді, өз қателіктерін ашық мойындайды және оларды адал түрде түзетеді;

Оқытушы Ар-намыс Кодексінің ұстанымдарын іске асыру және бағытын ұстану үшін жауапкершілікті өзіне ала отырып, КМҚК"Бизнес және сервис колледжі" жоғары адамгершілік, зияткерлік күштің үлгісіне айналуы және оның имиджі мен іскерлік беделін нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс.

КМҚК «Бизнес және сервис
колледжі»

Әрленім және құрастыру
SemStar

Казахстан, ВКО, г. Семей
ул. Аймаутова, 143 «а»
e-mail: biznes_sbk@mail.ru
Приемная: 8 (7222) 50-58-98
Тел.: 8 (7222) 50-70-73, 50-71-18
Факс: 8 (7222) 50-58-98, 50-70-78

Оқытушыларының Ар-намыс кодексі

КМҚК "Бизнес және сервис колледжі" оқытушысының Ар-намыс кодексі қазақстандық қоғам мен мемлекеттің жалпы танылған адамгершілік қағидаттары мен нормаларына негізделген моральдық нормалар, міндеттемелер және адал мінез-құлық талаптарының жүйесі болып табылады.

Оқытушы қызметінің басты бағыты – жоғары білікті мамандарды даярлау, студенттердің білімі мен мәдениетіне қамқорлық жасау;

Колледж оқытушысы колледж миссиясын жүзеге асыруда жауапкершілікті толық сезінеді;

Оқытушы өзінің теориялық білімі мен педагогикалық шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін арттыру бойынша үнемі жұмыс істейтін кәсіпқой болуы керек;

Оқытушы-парасаттылық пен интеллигенттіктің, мораль мен имандылықтың үлгісі, Қазақстан мемлекеттілігін белсенді насихаттаушысы, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерінің, тәртіпсіздік пен жауапсыздық принциптерінің қарсыласы;

Оқытушы болашақ мамандарды даярлаудың жоғары сапасы үшін жауапкершілікті сезінеді;

Оқытушы студенттерге жеке үлгісімен оқу және кәсіби тәртіптің ережелерін сақтау қажеттілігін, әріптестеріне құрметпен қарауды дәлелдейді, өз сөздеріне және іс-әрекеттеріне жауап беруді талап етеді, өз қателіктерін ашық мойындайды және оларды адал түрде түзетеді;

Оқытушы Ар-намыс Кодексінің ұстанымдарын іске асыру және бағытын ұстану үшін жауапкершілікті өзіне ала отырып, КМҚК"Бизнес және сервис колледжі" жоғары адамгершілік, зияткерлік күштің үлгісіне айналуы және оның имиджі мен іскерлік беделін нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс.

Миссия

Экономика саласында мемлекет пен аймақтың өндірістік әлеуетін көтере алатын, бәсекеге қаблетті, жоғары дәрежелі теориялық және практикалық дағды мен жеке тұлғалық қасиетті игерген мамандарды дайындау.

Болжау

Бизнес және сервис колледжі - Шығыс Қазақстан облысы және Қазақстан республикасының сервис, экономика және басқару саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің үздігі, корпоративті менеджменттің тиімді жүйесін меңгерген оқытушылар мен білімгерлердің, жұмыс берушілердің тағы басқа қызығушылық танытқан жақтардың мүддесіне сай қызмет ететін инновациялық білім беру мекемесі.

«Бизнес және сервис
колледжі» КМҚК

Әрленім және құрастыру
SemStar

Яндекс.Метрика