КМҚК «Бизнес және сервис колледжі»

Тізім
Виртуальная приемная комиссия для абитуриентов КГКП «КОЛЛЕДЖ БИЗНЕСА И СЕРВИСА»:

Instagram колледжа

WhatsApp колледжа

Сайт колледжа

Контактные телефоны:

8 775 175 21 03
8 777 995 30 10
50-58-98

Бизнес және сервис колледжінің студенті Назарбаева Еркежан "Нео-фольклор" стиліндегі киім үлгілері бойынша дизайнерлердің I Ұлттық байқауында жеңімпаз атанды!

     2021 жылы 12 наурызда Тараз қаласында "Нео-фольклор" стиліндегі киім үлгілері бойынша дизайнерлердің  I Ұлттық байқауы өтті, оның негізгі мақсаты-ұлттық киім үлгілері дәстүрлерін сақтау және  "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қазіргі заманға сәйкестендіру болып табылады.
Қазақстан колледждері арасында "Нео-фольклор" стилінде I Ұлттық киім дизайнерлерінің байқауына Қазақстанның 27 колледжінен,  50 үміткер бағын сынады.

     Шығыс Қазақстан  облысынан  2 колледжінің  білім  алушысы қатысты.  Аталған байқауға қатысуға  «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК  «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандығының 3 курс  білім алушысы  Назарбаева Еркежан өтініш берді.  Арнайы пәндер оқытушысы Сексенбаеваның  З.Г. жетекшілігімен  Назарбаева Еркежан ұлттық нақышқа  ие заманауи киімдер үлгілерін жоғары кәсіби деңгейде ұсынып, 3 жүлделі орынға ие болды.

     Байқауға  дайындық колледж  қабырғасында  өтті,  «Нео-фольклор» стиліндегі 3 модельдер топтамасының эскиздері, «SS-21» маусымы, 3 киім үлгілерінің топтамасын  тамашалайтын   бейнекөрініс, сонымен қатар колледж  тіршілігі  туралы бейнекөріністі ұсыну болды. Байқау ZOOM платформасы арқылы   әділқазылар мүшелері мен шетелдік сарапшылардың қатысуымен онлайн режимінде өтті.

     Киім дизайнерлеріне арналған  байқауға қатысып  үлкен жеңіске жету - бұл «Бизнес және сервис  колледжі» КМҚК  білім алушылардың  кәсіби кұзіреттілік  білімі мен шеберлігінің, оқытушылар құрамының  жоғары кәсіби біліктілігі, колледж әкімшілігінің көрегендігі,  шағын және орта бизнеске мамандарды даярлау саласындағы өзара әрекеттесуге ұмтылумен қатар, колледж  директоры тарапынан WorldSkills стандарттарына сәйкес сапалы оқыту үшін қажетті жағдайлар жасау негіз болды. Колледждің «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандығы бойынша оқу-материалдық базасын жаңарту мақсатында  «Жас Маман» ұлттық жобасына қатысып, Worldskills талабына сәйкес  білікті мамандарды даярлау мақсатында  заманауи құзыреттілік орталығын құру арқылы, оқу орынның  болашақ түлектерін  жаңа шыңға жетелеуге мүмкіндік береді.

     Қазақстандағы сән индустриясын жандандыру және дамыту шеңберінде осындай  байқауларды өткізу жас дизайнер-сәнгерлерді қолдауға, киім және дәстүрлі қолөнер өндірісіне байланысты мамандықтардың мәртебесін көтеруге бағытталғандығы қуантады, сонымен қатар,  қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес саласына тек оң әсерін тигізіп, өркендеуіне жол ашады.

КМҚК «Бизнес және сервис
колледжі»

Әрленім және құрастыру
SemStar

Казахстан, ВКО, г. Семей
ул. Аймаутова, 143 «а»
e-mail: biznes_sbk@mail.ru
Приемная: 8 (7222) 50-58-98
Тел.: 8 (7222) 50-70-73, 50-71-18
Факс: 8 (7222) 50-58-98, 50-70-78

Миссия

Экономика саласында мемлекет пен аймақтың өндірістік әлеуетін көтере алатын, бәсекеге қаблетті, жоғары дәрежелі теориялық және практикалық дағды мен жеке тұлғалық қасиетті игерген мамандарды дайындау.

Болжау

Бизнес және сервис колледжі - Шығыс Қазақстан облысы және Қазақстан республикасының сервис, экономика және басқару саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің үздігі, корпоративті менеджменттің тиімді жүйесін меңгерген оқытушылар мен білімгерлердің, жұмыс берушілердің тағы басқа қызығушылық танытқан жақтардың мүддесіне сай қызмет ететін инновациялық білім беру мекемесі.

«Бизнес және сервис
колледжі» КМҚК

Әрленім және құрастыру
SemStar

Яндекс.Метрика