КМҚК «Бизнес және сервис колледжі»

Тізім
Виртуальная приемная комиссия для абитуриентов КГКП «КОЛЛЕДЖ БИЗНЕСА И СЕРВИСА»:

Instagram колледжа

WhatsApp колледжа

Сайт колледжа

Контактные телефоны:

8 775 175 21 03
8 777 995 30 10
50-58-98

Директор блогы

Хожанова Альмира Балтабековна  

«Бизнес және сервис колледжі» КМҚК-де 2014 жылдан бастап  қызмет  атқарады, педагогикалық жұмыс өтілі 37 жыл, колледж директоры ретіндегі еңбек өтілі 8жыл.

1983 жылы Өскемен қаласындағы СССР-дің 50 жылдығы атындағы педагогикалық училищесін бітіріп, жалпыға  білім беретін мектептің бастауыш кластарының оқытушысы  мамандығына ие болды.1991 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих мамандығына ие болып, қоғамтану және кеңестік заң мұғалімі біліктілігі берілді.

1996 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін мемлекеттік реттеу және әкімшілік басқару мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, Экономист мемлекеттік құрылымдардың аналитикасы біліктілігіне ие болды.

2004 жылы Шығыс гуманитарлық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі біліктілігін алды. ББМ «Алматы Менеджмент Университеті» жоғары оқу орнының түлегі, 2020 жылы «Іскерлік әкімшілік магистрі» академиялық дәрежесіне ие болды

2020 жылы «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК мысалында компанияларды дамытудың стратегиялық жоспары» магистерлік диссертациясын қорғады.

Хожанова Альмира Балтабековна білім беру саласында 1983 жылдан бастап жұмыс істейді. Кәсіби қызметін бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастады. Альмира Балтабековна 2017 жылы Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 2006 жылдың наурыз айынан бастап қызмет етеді.Техникалық  және  кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметін  ұйымдастыруда  мол тәжірибесі бар. Шығыс Қазақстан облысының  білім беру басқармасында  қызмет жасаған жылдары өзін жоғары білікті маман, озық ұйымдастырушы ретінде көрсетті.

2014 жылдың қазан айында Хожанова Альмира Балтабековна «Бизнес колледжі» КМҚК директоры болып тағайындалды. Техникалық және кәсіптік білім беруді модернизациялау мақсатында 2016 жылдың мамыр айында  Бизнес және Сервис колледжі  бірігу негізінде, «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК құрылды. Жаңа құрылған оқу орнының директоры қызметіне Альмира Балтабековна тағайындалды.

Осы жылдар  ішінде  өзін талантты басқарушы  және ұйымдастырушы ретінде көрсете білді.

Колледж директорының міндетін кәсіптік деңгейде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының басшысының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес   жауапкершілікпен,  белсенді   атқарады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне сәйкес колледжде басшылық жасайды.

   Хожанова А.Б.   жауапкершілікпен қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаны толтыруды және оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.       Материалдық-техникалық базаны қайта жарақтауды және қайта құруды ұйымдастырады.

Колледжді басқару кезеніңде материалдық-техникалық базаны жақсарту бағытында үлкен көлемде  жұмыстар атқарылды, соның ішінде, колледж ғимаратының  жөндеуден өтуі, колледж аумағын абаттандыру жұмыстары, «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Тігін өндірісі және киімді модельдеу», «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандықтары бойынша шеберханалар мен лабораториялар  толықтырылып, қайта жабдықталды. Сонымен қатар,  Альмира Балтабековнаның бастамасымен акт залы мен спорт залдары, колледж асханасына күрделі жөндеу  жұмыстар жүргізілді.

Студенттердің іс-тәжірибелік дағдыларын пысықтау мақсатында оқу қонақ-үй кешені, оқу кафесі мен оқу шаштаразы ашылды. Аталған өндірістік  оқу шеберханалары соңғы үлгідегі жабдықтармен жабдықталып, өз жұмыстарын бастады.

      Хожанова А.Б.  колледжде қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету ұйымдарының жұмыс істеу және олардың жұмысына бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды  тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды.

   Альмира Балтабековна  заманауи, көреген басшының қасиеттеріне ие. Колледжде студенттерді даярлау он бес мамандық бойынша жүргізіледі, сонымен қатар сапа менеджментінің жүйесі енгізілді.

Хожанова А.Б. «Метрология, стандарттау және сертификаттау» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің төрайымы  болып табылады.

Осы жұмыс аясында «Талап» КЕАҚ-пен байланыс орнатылды, онымен бірге типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және сараптау жұмыстары жүргізілуде.

      Кадрларды іріктеу мен орналастыруды құзіретті, шеберлікпен  жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

2020 жылдан бастап Хожанова А.Б. ШҚО колледж директорлар кеңесінің төрайымы  болып табылады.

Альмира Балтабековна мамандардың іс-тәжірибе дайындығына аса көңіл бөледі. Осы мақсатта облыс және қала өндіріс орындарының басшыларымен тығыз қарым-қатынас жасауда. Әр жүктелген істі тиянақты орындау  арқасында, Хожанова А.Б. жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен жұмысты үйлестіре білді.

Әлеуметтік серіктестер - оқу мекемесінде  өткізілетін облыстық  іс-шаралардың тұрақты қатысушылары.

Сонымен қатар, білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және жеке тұлға ретінде қалыптасуына  көңіл бөледі. Колледждің жастар комитеті басшысының қолдауымен қалалық,  облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі барлық студенттік іс-шараларға белсене қатысады.

Хожанова А.Б. басқаруымен колледжде облыстық, халықаралық қатысуымен конференциялар, семинарлар ұйымдастырылып  өтеді.

Колледж студенттері 2015  жылдан бастап WorldSkills  чемпионатына белсенді қатысады. Облыстық чемпионаттарды жүлделі орынға ие болған білім алушылар  саны: 1 орын-21; 2 орын-15; 3 орын-15. Ұлттық чемпионаттарда   жүлделі орынға ие болған  білім алушылар  саны: 1 орын-1; 2 орын-6.

  Хожанова Альмира Балтабековна  әлеуметтік серіктестік пен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту  шараларын нығайтып, «Алтай қонақжайлылық академиясы», «Омбы сауда, экономика және сервис колледжі», «Омбы экономикалық институты», «Омбы кәсіпкерлік және құқық колледжі», РФ Қазан қаласының «Халықаралық қызмет көрсету колледжі», «Қазан сауда-экономикалық колледж», Анталия қаласының «Туризм академиясы», Орынбор қаласының «Сервис колледжі»  оқу мекемелері мен ұзақ мерзімді халықаралық ынтымақтастығын жандандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Колледждер арасында ынтымақтастық туралы екі жақты келісімшарттар жасалады.  Осы жұмыс аясында студенттер кәсіби практикамен алмасады, оқу жүйесін  жақсартуға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізіледі: конференциялар, жоба байқаулары, тәжірибе алмасу.

Альмира Балтабековна Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі  ретінде,  белсенді өмірлік ұстанымымен ерекшеленеді.

Альмира Балтабековна -педагогикалық қызметке жан-тәнімен берілген, кең ойлы тұлға,  жоғары кәсіби шеберлігінің арқасында, педагог қызметкерлер мен студенттер ұжымын толық басқаруға мүмкіндік береді. Сауатты және  құзыретті басшы, білім алушылар және ата-аналарымен ортақ тіл табысады, әріптестеріне мұқияттылығы  және қамқорлығының арқасында  ұжымда түсіністік  жағдайы  орнатылады.

Камила 23 ақпан 2021, 08:45

Сәлеметсіз бе Менің есімім Камила мен визажист мамандыгына түскім келеді 9дан соң ол жерде қанша жыл оқиды және барлығын істейма тырнақ, шаш, тагы басқа

Колледж бизнеса и сервиса

Сәлеметсіз бе, Камила! Сіз таңдаған мамандық “Шаштараз өнері” деп аталады. 9 сыныптан кейін модульдік оқыту негізінде екі біліктілік алуға болады:«Парикмахер-стилист» және «Суретші-модельер» (Художник-модельер). Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай, 3 жыл 10 ай.
Толық ақпаратты колледждің кәсіби бағдар беруші маманынан алуға болады. Байланыс нөмері 87751752103

Гулим 20 ақпан 2021, 14:22

Салеметсиздерме? Мен шаштараз курсын окыгым келеди. Казирги танда онлайн окуга болама? Тагы Бир Сурак 9 сынып аттестат Пен тарбиешилик окуга болама

Колледж бизнеса и сервиса

Сәлеметсіз бе, Гулим! 9 сынып оқушысы болсаңыз талапкерлерге арналған курсқа жазылуға болады! Өтінішті колледж сайтының «Талапкер» бөлімінде қалдыра аласыз.

Айпара 07 ақпан 2021, 20:47

Мен киім тігіп үйренгім келеді бірақ мен 1-топ мүгедекпін оқуға түсе алам ба

Колледж бизнеса и сервиса

Сәлеметсіз бе! Оқуға мүмкүмкіндік бар. Бірақ, сіздің денсаулығыңызға қарай мүмкіндіктеріңізді жекелей қарастыруымыз керек. Бұл сұрақты толық қарастыруымыз үшін, +7(7222) 50-70-78 телефонына хабарласыңыз. Сіздің сұрағыңызды шешуге тырысамыз.

Анель 29 маусым 2020, 07:20

Сәлеметсіз бе! 9 сынынтан кейін менеджер мамандығына грант бар ма? Оған түсу үшін қанша балл керек?

Колледж Бизнеса и сервиса

Сәлеметсізбе! Иә, 9 сыныптан кейін менеджмент мамандығы бар. Толық ақпаратты 87751752103 нөмірінен ала аласыз.

Сабина 12 маусым 2020, 13:25

Салеметсизбе, 9 сыныптан кейін Поворга грант барма, және де акылыма әлде акысызба?

Колледж Бизнеса и сервиса

Сәлеметсізбе. Ия,бізде тоғызыншы сыныптан кейін "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығында, Аспаз біліктілігіне грант бар. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 87751752103

Роллан 20 мамыр 2020, 20:00

Сәлеметсізбе 11сыныптан кейін аспаздық курсына сырттай оқу барма Алматы қаласында

Колледж Бизнеса и сервиса

Сәлеметсіз бе Роллан! Аспаз мамандығына сырттай оқу бөлімі қарастырылмаған.Осы салада жұмыс жасап жүрген болсаңыз, қысқа мерзімді курс өте аласыз! Толық ақпарат 87751752103 телефон нөмірінен ала аласыз!

Айым 17 мамыр 2020, 15:24

Сəлеметсіз бе.
Мен 11сынып оқушысымын. Сіздердің колледждеріңізде визажист мамандығы барма?
Жəне қанша жыл оқиды?
Платный болама əлде грант?
Түсіндіріп жіберіңізші

Колледж Бизнеса и сервиса

Сәлеметсіз бе Айым. "Шаштараз өнері және сәнді косметика" мамандығына құжат тапсыра аласыз. "Шаштараз мастері" біліктілігі бағдарламасында визажистке оқытылады! Толық ақпарат 87751752103 телефон нөмірінен ала аласыз!

назерке 06 сәуір 2020, 11:16

шаштараз мамандығына 11сыныптантан кейін қандай пән таңдау керек

Колледж Бизнеса и сервиса

Сәлеметсіз бе! "Шаштараз өнері және сәнді косметика" мамандығына 11 сынып негізінде 25 сұрақтан қазақ тілі немесе орыс тілі таңдау бойынша, химия, Қазақстан тарихы пәндерінен 75 сұрақ тест ретінде болады! Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 87751752103.

Жансая 23 наурыз 2020, 14:05

Салеметсизбе мен 9 сыныптан кейын визажистке тускыми келеды оган грант боладыма? Жане кандай паннен тест тапсырады ?

Колледж Бизнеса и сервиса

Сәлеметсіз бе! 9 сынып аясында "Шаштараз өнері және сәнді косметика" мамандығына әр оқу жылы бюджеттік негізде орындар беріледі, емтихан келесі пәндер бойынша: оқыту тілі яғни қазақ тілі немесе орыс тілі таңдау бойынша 25 сұрақ және химия пәнінен 25 сұрақтан 50 тест тапсырмалары болады! Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 87751752103

Елдана 27 ақпан 2020, 12:22

Салеметсіз бе шаштараз болу үшін қандай пән таңдау керек. КОЛЛЕДЖ ГЕ ТҮСУГЕ БОЛаМА

Колледж Бизнеса и сервиса

Сәлеметсіз бе, Елдана! "Шаштараз өнері және сәнді косметика" мамандығына оқуға қабылдану үшін емтихан түрі сұхбаттасу негізінде өткізіледі. Әрине, маусым айының 20 мен тамыз айының 25 аралығында құжат тапсыруға болады! Толық ақпаратты 87751752103 телефон нөмірінен ала аласыз.

Eldana 27 ақпан 2020, 12:19

Сәлеметсіз бе дизайнер болу үшін қандай пән таңдау керек

Колледж Бизнеса и сервиса

Сәлеметсіз бе, Елдана! Дизайн мамандығына оқуға қабылдану үшін шығармашылық емтихан тапсырасыз. Толық ақпараттарды 87751752103 телефон нөмірінен ала аласыз.

Гүлден 02 ақпан 2020, 20:24

Шаштараз өнері және сәндік косметика. Осыған түсу үшін қандай сабактардан экзамен тапсыру керек? Және грант бар ма?

Колледж Бизнеса и сервиса

Сәлеметсіз бе,Гүлден! "Шаштараз өнері және сәнді косметика" мамандығына оқуға қабылдану үшін емтихан түрі сұхбаттасу негізінде өткізіледі. Маусым айының 20 мен тамыз айының 25 аралығында құжат тапсыруға болады! Толық ақпаратты 87751752103 телефон нөмірінен ала аласыз.

Назерке 29 қараша 2019, 14:15

9сыныптан кейін шаштараз өнері және сәндік косметика мамандығына түсу үшін қандай пән таңдау керек және грант шәкіртақы жатақана болама

Бизнес және сервис колледжі

Сәлеметсіз бе Назерке. Біздің колледжді таңдағаңызға қуаныштымыз. Шаштараз мамандығына химия пәнінен эмтихан тапсырады. Толығырақ осы сайттың "Талапкерге" деген бөлімінен Оқуға түсу ережелерін қарауға болады.

Сағыныш 23 маусым 2019, 19:27

9 сыныптан кейін Дизайн мамандығына грант барма?

Бизнес және сервис колледжі

Сәлеметсіз бе Сағыныш! "Дизайн" мамандығына осы оқу жылына мемлекеттік тапсырыс (грант) бөлінген жоқ. Мамандықтар туралы мәліметті "Талапкерге" бөлімінен қарай аласыз.

Перизат 21 маусым 2019, 08:57

Сәлеметсіз ба? Сіздерге оқуға түссем 9-сыныптан кейін неше жыл оқимын? Стипендия көлемі қанша? Рақмет.

Бизнес және сервис колледжі

Салеметсізбе Перизат! 9 класстан кейін мемлекеттік тапсырыс бойынша (грант) және ақылы түрде оқыту мамандықтары бойынша және оқу мерзімдері туралы ақпаратты осы сайтта "Талапкерге" деген бөлімінен алуға болады.

Анель 07 маусым 2019, 10:40

Сәлеметсіз бе, сұрайын дегенім колледж государственный ма әлде частный ма? Визажист оқуы неше жыл? Оған түсу үшін қандай экзамен тапсырылады? Оқуға грант бөліне ме, стипендия беріле ме сол туралы ақпарат беріңізші.

Бизнес және сервис колледжі

Сәлеметсіз бе, Анель! Бизнес және сервис колледжі Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып келеді. «Визажист» мамандығын «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бағдарламасында оқыту қарастырылған. Осы мамандық бойынша 9 сыныптан кейін 2 жыл 10 ай, ал 11 сынып негізінде -1 жыл 10 ай оқиды. 2019 жылына Мемлекеттік тапсырыс (грант) 9 сыныптан кейін «Суретші-модельер» біліктілігіне беріліп отыр. Мемлекеттік тапсырыс негізінде үлгерімі жақсы оқушыларға шәкіртақы (стипендия) төленеді.

Шарайна 01 маусым 2019, 20:35

Шаштараз өнері және косметика ісі. Осы мамандыққа 10 сыныптан кейін түсуге болама. Грант барма

Бизнес және сервис колледжі

Сәлеметсіз бе, Шарайна! «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы «Суретші-модельер» біліктілігіне 9 сынып негізінде 2019 жылына мемлекеттік тапсырыс (грант) берілген.

Орынгул 25 мамыр 2019, 11:32

Сәлеметсіз бе? Бизнес сервис колледжінде 11 сыныптан соң аспаздық мамандығына грант барма және жатақхана шәкіртақы ?

Бизнес және сервис колледжі

Сәлеметсіз бе Орынгул! Колледжде 11 сыныптан кейін «Аспаз» мамандығына ақылы негізінде оқуға түсуге болады.

11 сыныптан кейін мына мамандықтарға 2019 жылына мемлекеттік тапсырыс берілді: Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру- Әкімшілік біліктілігіне, Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (қолдану аясы және салалары бойынша) – Іс қағазын жүргізуші біліктілігіне, Маркетинг- Коммерциялық агент біліктілігіне.

Осы мамандықтар бойынша шәкіртақы төленеді. Жатақханаға орналастыру басқа оқу орындарымен келісім шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Құжат тапсыру және емтихан тапсыру мезгілдерін осы сайтта 2019 жылына арналған Жаңа Оқуға қабылдау ережесінен біле аласыз.

Janel 03 сәуір 2019, 18:31

Бұл коледжде дизайнер мамандығының қандай салалары бар? және дизайнер мамандығына түсу үшін қандай пән таңдау керек?

Бизнес және сервис колледжі

0402000 «Дизайн (бейін бойынша)» Жарнама дизайнері - мамандығы бойынша 11 сыныптан кейін түсушілер алдыңғы 2018 жылда Емтихан - Қазақ тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен және 1-қосымшаға сәйкес пәндер бойынша 2 шығармашылық емтихан қарастырылған (сурет салу). Алынған бағалар "3", "4", "5", қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған балдарға қабылдау комиссиясы келесі шкала бойынша ауыстырады: "3" - 8 балл, "4" - 17 балл, "5" - 25 балл.
2019 жылға Қабылдау ережелері осы сайтқа жарияланады.

Жанел 03 сәуір 2019, 18:21

Дизайнер мамандығын таңдау үшін қандай пән таңдау керек. Және бұл коледжде дизайнер мамандығының қандай салалары бар?

Бизнес және сервис колледжі

Сәлеметсіз бе Жанел! Дизайн мамандығы барлық салаларда жұмыс істеуді қарастырады. Осы сайтта мамандық туралы мәліметті қарауға болады. Дизайн мамандығына түсу үшін 9 класстан кейін- қазақ (немесе орыс тілінен) емтихан және 2 шығармашылық емтихан (сурет салу және кескіндеме). 11 класстан кейін қазақ (немесе орыс тілінен), Қазақстан тарихынан емтихан және 2 шығармашылық емтихан (сурет салу және кескіндеме).
Осы жылға арналған оқуға қабылдау жаңа ережелері осы сайтта орналастырылады.

Aidós 08 қараша 2018, 08:33

Туризм тусу ушин кандай пан тандау керек

Бизнес және сервис колледжі

Сәлеметсіз бе Айдос! «Туризм» мамандығына түсу үшін 9 сыныптан кейін қазақ тілі мен География пәнінен емтихан тапсырылады. Ал 11 сыныптан кейін Қазақ тілі, Қазақстан тарихы және География пәндерінен емтихан немесе ҰБТ нәтижелері қарастырылады. Жаңа оқу жылына өзгерістер болатын болса, сайт арқылы мәлімделеді. Толығырақ «ТАЛАПКЕРГЕ» деген сайттын бөлімін қараңыз.

Хабар жазу үшін

КМҚК «Бизнес және сервис
колледжі»

Әрленім және құрастыру
SemStar

Казахстан, ВКО, г. Семей
ул. Аймаутова, 143 «а»
e-mail: biznes_sbk@mail.ru
Приемная: 8 (7222) 50-58-98
Тел.: 8 (7222) 50-70-73, 50-71-18
Факс: 8 (7222) 50-58-98, 50-70-78

Миссия

Экономика саласында мемлекет пен аймақтың өндірістік әлеуетін көтере алатын, бәсекеге қаблетті, жоғары дәрежелі теориялық және практикалық дағды мен жеке тұлғалық қасиетті игерген мамандарды дайындау.

Болжау

Бизнес және сервис колледжі - Шығыс Қазақстан облысы және Қазақстан республикасының сервис, экономика және басқару саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің үздігі, корпоративті менеджменттің тиімді жүйесін меңгерген оқытушылар мен білімгерлердің, жұмыс берушілердің тағы басқа қызығушылық танытқан жақтардың мүддесіне сай қызмет ететін инновациялық білім беру мекемесі.

«Бизнес және сервис
колледжі» КМҚК

Әрленім және құрастыру
SemStar

Яндекс.Метрика